Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 907 "Ақтау қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 02-02/664 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 мамырда № 28009 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 907 "Ақтау қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3610 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулыны "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады