Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Мусаев |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2022 жылғы 25 наурыздағы | |
№ 15/123 | |
шешіміне қосымша |
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдер тізбесі
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 11 қазандағы № 14/160 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3449 болып тіркелген).
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 14/160 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 40/469 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 болып тіркелген).
3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 14/160 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 54/584 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4415 болып тіркелген).