"Бейнеу ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифін белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №366 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 132 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27217 болып тіркелді

      Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ.ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауданы әкімдігінің "Бейнеу ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 366 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26406 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бейнеу ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифі 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.".

      2. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әзірхановқа.жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады