Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 173 қаулысы және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 19/189 бірлескен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27818 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31-баптарына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ.ЕТЕДІ және Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бейнеу ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      2) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;

      3) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналарға.

      2.  Бейнеу аудандық бюджеті қаржыландыру көзі болып айқындалсын.

      3. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.

      4. "Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      5. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысын және Бейнеу аудандық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы және Бейнеу аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әзірхановқа.жүктелсін.

      7. Осы бірлескен Бейнеу ауданы әкімдігінің қаулысы және Бейнеу аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов
      Бейнеу аудандық мәслихатының хатшысы К. Мансуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады