Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 173 және Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 19/189 "Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 319 бірлескен қаулысы және Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 22/169 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 желтоқсанда № 4752-12 болып тіркелді.

      Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 173 және Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі №19/189 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27818 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1 – тармағының 2) – тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;".

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Р. Шалбаев
      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы А. Бораш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады