Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 170 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 қыркүйекте № 29773 болып тіркелді

      Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-131 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған ауданының әкімі Р. Елтизаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Түпқараған аудандық

      сайлау комиссиясы

  Түпқараған ауданының әкімдігінің
  2022 жылғы 23 қыркүйектегі
  № 170 қаулысына қосымша
  Түпқараған ауданының әкімдігінің
  2011 жылғы 1 наурыздағы
  № 38 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді-мекеннің атауы

Орналасқан жері

1

Форт-Шевченко қаласы

Н.Оңғалбайұлы көшесі, № 42 учаске, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында

2

Форт-Шевченко қаласы

"Қазақстан Халық жинақ банкі" ашық акционерлік қоғамының № 239900 Маңғыстау облыстық филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында

3

Форт-Шевченко қаласы

ескі автобекет, М.Әбдіхалықов көшесі, № 4, қалалық теміржол кассасы ғимаратының жанында

4

Форт-Шевченко қаласы

М.Әбдіхалықов көшесі, № 16, "Нұрай" дүкенінің алды

5

Форт-Шевченко қаласы

М.Әбдіхалықов көшесі, № 131/1 үйдің оң жағынан 500 метр қашықтықтағы жолдың екі қапталы

6

Форт-Шевченко қаласы

Астана көшесі, № 41 үйдің сол жағы

7

Баутин ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының "Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағы

8

Баутин ауылы

З. Дубский көшесі, № 50 ғимаратының жанында

9

Баутин ауылы

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

10

Баутин ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында

11

Баутин ауылы

Мұнайшы көшесі, №18, "Достық" қонақ үйі ғимаратының сол жағы

12

Баутин ауылының Аташ елді мекені

Ә. Жангелдин көшесі, № 27, "Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық кітапханасы ғимаратының жанында

13

Баутин ауылының Аташ елді мекені

Ә. Жангелдин көшесі, №1 қосқабатты тұрғын үйдің жанында

14

Ақшұқыр ауылы

Б. Қожашева көшесі, № 11/2, "Қазпочта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының жанында

15

Ақшұқыр ауылы

Б. Қожашева көшесі, № 5/1, Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

16

Ақшұқыр ауылы

"Малика" қосқабатты дүкені ғимаратының жанында

17

Ақшұқыр ауылы

Шаруашылық жүргізу құқығымен Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы "Коммуналдық қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимараты

18

Ақшұқыр ауылы

Үштерек көшесі, № 5 ғимаратының жанында

19

Таушық ауылы

"Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының сол жағы

20

Таушық ауылы

Қ. Жұбайұлы көшесі, № 41, Таушық ауылы әкімі аппаратының "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналақ кәсіпорны ғимараты

21

Таушық ауылы

Х. Елмұханбетов көшесі, № 6, "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

22

Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі

Мақаш Елубаев көшесі, 133, "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

23

Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Түпқараған орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сайын Шапағатов дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында

24

Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

25

Қызылөзен ауылы

С. Сисенбаев көшесі, № 2 ғимаратының жанында

26

Қызылөзен ауылы

І. Нысанбаев көшесі, № 29 ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады