Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы №38/383 "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 10 ақпандағы № 15/98 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 ақпанда № 26882 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы №38/383 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3855 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Билялов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады