Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі №3/36 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3134 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы";
көрсетілген шешіммен бекітілген Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Билялов |
2022 жылғы 30 қарашадағы | |
№ 24/152 шешіміне қосымша | |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2016 жылғы 11 шілдедегі | |
№3/36 шешімімен бекітілген |
Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.
2. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар наградталады.
3. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.
4. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің және мемлекеттік органның басшысы қол қояды және ол мөрмен бекітіледі.
Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар мен ауылдық округ әкімдерінің, бөлімдер басшыларының наградтау бетшесіне аудан әкімі қол қояды.
5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының атына келіп түскен наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты, сонымен қатар наградтауға қатысты өзге де құжаттар аудандық мәслихаттың сессиясында қарауға ұсыну үшін алдын ала аудан әкімі аппаратының кадр қызметі бөлімінде қаралады.
Әрі қарай Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда бұл ұсыныс аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.
7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Мұнайлы аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Құрмет грамотасымен қайта наградтау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.
2 тарау. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі
8. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасы мен жеке ісіне енгізіледі.
9. Наградтау туралы мәліметтер Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал аудан әкімі аппаратының наградтау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі аудан әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
10. Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе оның орынбасарлары, аудандық мәслихаттың хатшысы наградталушының жұмыс істейтін еңбек ұжымында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналысында салтанатты түрде табыс етеді.