Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 қарашадағы № 507 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30632 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының "Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы" қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      2022 жылғы 20 қаңтардағы

      № 23 қаулысына

      1-қосымша";

      реттік нөмірі 34-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

34

185 орындық бөбекжай

-

-

42444

-

185

      ";

      көрсетілген қаулының "Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері" қосымшасында:

      жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы әкімдігінің

      2022 жылғы 20 қаңтардағы

      № 23 қаулысына

      2-қосымша";

      реттік нөмірі 18-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

18

Сарыкөл ауданы

-

3 жасқа дейін – 11062 3 жастан бастап – 13228

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады