2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 118 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 наурызда № 27146 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 16 наурыздағы
  № 118 қаулысына
  қосымша

2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 29.12.2022 № 587 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:


1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

64 796

647 960,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

12 246

183 690,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

1 443

144 300,0

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

1 281

192 150,0

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:


4.1

Отандық

сатып алынған бас

735

110 250,0

4.2

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

99

29 700,0

4.2

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

5 288 311

1 057 662,1

5.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату

өндірілген сиыр етінің килограмы

2 857 283

500 024,5

Жиыны

2 865 736,7

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:


1.1

бір жынысты

сатып алынған доза

5 426

54 260,0

1.2

қос жынысты

2 170

9 484,9

2.

Ірі қарамалдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:


2.1

Отандық

сатып алынған бас

13

1 576,5

2.2

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

499

199 308,5

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:


3.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

18 403 190

828 143,6

3.2

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

27 332 881

819 986,4

3.3

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

9 928 250

198 565,0

3.4

ауыл шаруашылығы кооперативі

32 738 115

654 762,3

4.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау

ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

1 716

8 580,0

Жиыны

2 774 667,1

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату


1.1

5000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

361 970

21 718,2

1.2

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

7 050 170

352 508,5

Жиыны

374 226,7

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

318 563

19 113,8

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

302 417 957

907 253,9

Жиыны

926 367,7

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:


1.1

қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

407

1 628,0

1.2

қойлардың тауарлық аналық басы

18 309

45 772,5

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

2 269

34 035,0

3.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

өткізілген бас

493

1 479,0

Жиыны

82 914,5

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

8

800,0

Жиыны

800,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

сатып алынған бас

12

1 680,0

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылыстыру маусымы

4 297

171 880,0

Жиыны

173 560,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

1.

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:


1.1

Ірі қара малдың аналық басы

бас

82

849,9

1.2

Ұсақ қара малдың аналық басы

бас

179

447,5

1.3

Жылқылардың аналық басы

бас

18

180,0

2.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

50

250,0

Жиыны

1 727,4

Барлығы

7 200 000,0

     
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады