Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 118 "2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 386 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 29436 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2022 жылғы 16 наурыздағы № 118 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27146 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 5 қыркүйектегі
  № 386 қаулысына
  қосымша
  Қостанай облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 16 наурыздағы
  № 118 қаулысына
  қосымша

2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:


1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

60 000

600 000,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

21 000

315 000,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

1 200

120 000,0

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

1 800

270 000,0

4.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:


4.1

Отандық

сатып алынған бас

750

112 500,0

4.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

100

22 500,0

4.3

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

200

60 000,0

5.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

4 700 000

940 000,0

6.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандату

өндірілген сиыр етінің килограмы

2 857 880

500 129,0

Жиыны

2 940 129,0

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу:


1.1

бір жынысты

сатып алынған доза

6 100

61 000,0

1.2

қос жынысты

8 800

44 000,0

2.

Ірі қарамалдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:


2.1

Отандық

сатып алынған бас

100

20 000,0

2.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған

100

22 500,0

2.3

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

250

100 000,0

3.

Сүт өндіру құнын арзандату:


3.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

23 800 000

1 071 000,0

3.2

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

26 600 000

798 000,0

3.3

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

8 018 000

160 360,0

3.4

ауыл шаруашылығы кооперативі

41 048 632

820 972, 6

4.

Ірі қара малдың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату

дана

10

800,0

5.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау

ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

2 100

10 500,0

Жиыны

3 109 132,6

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

1 000

600,0

2.

Құс етін өндіру құнын арзандату


2.1

5000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

483 300

28 998,0

2.2

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

8 001 220

400 061,0

Жиыны

429 659,0

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

1 250 000

75 000,0

2.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

202 000 666

606 002,0

Жиыны

681 002,0

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:


1.1

қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

500

2 000,0

1.2

қойлардың тауарлық аналық басы

20 000

50 000,0

2.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

4 000

60 000,0

3.

Импортталған асыл тұқымды аналық қойларды сатып алу

200

6 000,0

4.

Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

10

1 500,0

5.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

100

1 000,0

6.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату

өткізілген бас

1 000

3 000,0

7.

Шаруашылықтарда және ауылшаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерлік орталықтарды субсидиялау

ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы

1 000

1 500,0

Жиыны

125 000,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

50

5 000,0

Жиыны

5 000,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

сатып алынған бас

50

7 000,0

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылыстыру маусымы

5 000

200 000,0

Жиыны

207 000,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

1.

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:


1.1

Ірі қара малдың аналық басы

бас

82

849,9

1.2

Ұсақ қара малдың аналық басы

бас

179

447,5

1.3

Жылқылардың аналық басы

бас

18

180,0

2.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

10 000

600,0

3.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

200

1 000,0

Жиыны

3 077,4

Барлығы

7 500 000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады