Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 17 қазандағы № 232 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қазанда № 30248 болып тіркелді.

      "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 17 қазандағы
  № 232 шешімімен
  бекітілген

Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 168 "Үй жануарларын ұстау мен серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) жауапты адам – жануар иесінің Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;

      3) иттерге арналған үйрету алаңы – иттерді үйрету үшін арнайы бөлінген, жаттығуға арналған арнаулы құралдармен жабдықталған қоршалған аумақ;

      4) үй жануарлары (компаньон жануарлар) (бұдан әрі – үй жануарлары) – қай түрге жататынына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері мен қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;

      5) үй жануарларын серуендету – жануар иесінің және (немесе) жауапты адамның жануарды ұстау орнының шегінен тыс жерге шығаруды көздейтін және жануардың қозғалыс белсенділігіне, табиғи қажеттіліктерін атқаруға деген физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттері;

      6) үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі – жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау иесінің қатысуымен үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы;

      7) үй жануарларының өз бетінше серуендеуі – үй жануарларының ұстау орнынан тыс жерде жануар иесінсіз және (немесе) жауапты адамсыз өз бетінше болуы;

      8) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. Үй жануарларын ұстау тәртібі

      3. Үй жануарларын ұстау жөніндегі талаптарға мыналар жатады:

      1) үй жануарларын күтіп-бағу жағдайлары олардың биологиялық, түрлік және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келеді, олардың табиғи қажеттерін қанағаттандырады;

      2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес үй жануарлары ауруларының профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді және жоюды қамтамасыз ету.

      4. Үй жануарының иесі және жауапты адам, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Үй жануарларын ұстауға рұқсат етілмейді:

      1) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау және денсаулық сақтау салаларындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде қоғамдық орындарда, ұстау орындарында;

      2) ортақ пайдаланылатын орындарда (баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, шектес балкондар, лоджиялар және ортақ пайдаланылатын қосалқы үй-жайлар);

      3) үй маңындағы аумақтарда (жеке тұрғын үйлердің үй маңындағы аумақтарынан басқа);

      4) асүйлер мен жатақхана дәліздерінде.

      6. Үй жануарының иесі және жауапты адам тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың, оның ішінде кондоминиум объектілерінің, қоғамдық орындардың үй жануарларымен ластануына, қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол берілмейді.

      7. Бірнеше отбасы тұратын тұрғынжайда (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй) үй жануарларын ұстау медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, барлық тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.

      8. Бақ, бау-бақша, саяжай кооперативтерінің, демалыс үйлерінің аумақтарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарын сақтай отырып, үй жануарларын ұстауға жол беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8-1. Үй жануарларының иесі немесе жауапты адам осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбаны жүзеге асырады.

      Ескерту. Шешім 8-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Қонақүйге әкімшілікпен келісім бойынша иесіне итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Үй жануарларын қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

      Қарау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі немесе жауапты тұлға:

      1) жануарды үй жануарларына арналған панажайға уақытша күтіп-бағуға орналастырады;

      2) үшінші адамдарға уақытша күтіп-бағуға береді;

      3) зоологиялық жатынжайға орналастырады.

      11. Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда жануар иесі және жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға шаралар қабылдайды.

      11-1. Жануардан бас тарту оған басқа адам меншік құқығын иленгенге дейін иесінің үй жануарына қатысты міндеттерін тоқтатуға әкеп соқпайды.

      Ескерту. Шешім 11-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Иттерді өздігінен серуендеуін және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауды болдырмайтын жағдайларда ұсталады. Мұндай жағдайлар болмаған жағдайда ит байлануы немесе үйшікте болады.

3-тарау. Үй жануарларын серуендету тәртібі

      13. Үй жануарларын серуендету жеке тұлғалар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруден қорғау шартымен жүзеге асырылады.

      14. Үй жануарларының иесі және жауапты адам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстың жергілікті өкілді органы белгілеген тәртіппен үй жануарларын серуендету ережелерін сақтайды.

      15. Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және 1,5 (бір жарым) метрден асатын қарғыбаусыз серуендетуге рұқсат етілмейді.

      Үй жануарларын серуендету кезінде иелері және жауапты адам келесі талаптарды сақтайды (ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын қоспағанда):

      1) ит қоғамдық орындарда 2 (екі) метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек;

      2) тұмылдырық итке оны тасымалдау кезінде, адамдар көп жиналатын жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген орындарда кигізіледі;

      3) кез келген тұқымды мысықтар мен олардың местизосы әбзел мен қарғыбаумен жүреді;

      4) магистральдар маңындағы көшелер арқылы өту кезінде жол-көлік оқиғаларын және жолдың жүріс бөлігінде оның өлуін болдырмау үшін үй жануарлары 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауға алынады;

      5) итті, иесі сол ғимараттың ішінде болған уақытқа, өздігінен шешілмейтін болса, ғимараттың жанында ұзындығы 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаумен байлап және тұмылдырықта қалдыруға рұқсат етіледі;

      6) иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерде ит иесі немесе жауапты адам айналасындағыларға қауіп төндірмей, тұмылдырықпен және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауда итпен аумақты кесіп өтуіне болады;

      7) иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген аумақтарда, алаңда иттерді еркін серуендетуге жол беріледі.

      Иттерді серуендетуге тыйым салынатын орындар тиісті белгімен белгіленуге тиіс.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Иттермен қорғалатын бекітілген аумақтары бар иелер және жауапты адамдар иттерді өздерінің базаларында, қоймаларында, өндірістік үй-жайларында тек түнгі уақытта және қоршалған аумақта еркін серуендетеді. Күндізгі уақытта иттер байлауда немесе үйшікте болады.

      17. Елді мекен аумағында:

      1) иттердің өздігінен серуендеуіне;

      2) үй жануарларын серуендетуге және олардың мінез-құлқын бақылауға қабілеті жоқ, оның ішінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамдарға, қоғамдық орындарда және көлікте үй жануарларын серуендетуге;

      3) әкімшілікпен келісім бойынша спорттық және өзге де іс-шаралар ұйымдарын қоспағанда мектепке дейінгі балалар, білім беру, дене шынықтыру-спортттық және медициналық, емдеу ұйымдарының, мәдениет объектілерінің, балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында және тыйым салу белгілері белгіленген аумақтарда үй жануарларын серуендетуге;

      4) адамдар шомылуға рұқсат етілген аумақта, тоғандарда, субұрқақтарда және су бөгеттерінде үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17-1. Коммерциялық, коммерциялық емес, діни ұйымдардың, балалар, медициналық немесе білім беру мекемелерінің аумағында үй жануарларының болуын және оларды күтіп-ұстауды осы ұйымдар мен мекемелердің меншік иесі (әкімшілік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтай отырып айқындайды.

      Ескерту. Шешім 17-1-тармақпен толықтырылды - Қостанай облысы мәслихатының 11.12.2023 № 86 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы облыстың жергілікті атқарушы органдары үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады