"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2022 жылғы 31 қазандағы | |
№ 480 қаулысына | |
қосымша |
Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3550 болып тіркелген).
2. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3751 болып тіркелген).
3. Қостанай облысы әкімдігінің "Әкімдіктің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2014 жылғы 11 ақпандағы № 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4492 болып тіркелген).