Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 31.10.2022 № 480 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 212 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3550, 2006 жылы 14 шілдеде "Қостанай таңы", 2006 жылы 25 шілдеде "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының мемлекеттік тіліндегі мәтінінде:
1-тармақта "спорттық сайыстарға" сөздері "спорт жарыстарына" сөздерімен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "спорт жарыстарына" сөздерінен кейін "және спорттық-бал билеріне" сөздерімен толықтырылсын;
1-тармақта "спорттық кресло-арбалар" сөздерінен кейін "және биге арналған кресло-арбалар" сөздерімен толықтырылсын;
2-тармақта "Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" сөздері "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | С Кулагин |