Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 155 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29878 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 26 қыркүйектегі
  № 155 шешіміне
  қосымша

Қостанай қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 13.12.2024 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Атауы

Есептік бірлік

Теңге
(Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

619,64

Жайлы емес үйлер

739,05

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

3872,75


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады