Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 18.08.2023 № 785 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қаласында жолаушылар мен багажды автомомбильмен тасымалдау тарифтері туралы" 2016 жылғы 13 маусымдағы № 659 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6485 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай 100 теңге көлемінде белгіленсін.".
2. Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі | К. Испергенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Рудный қалалық мәслихаты