Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арқалық қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Елтебаева |
Арқалық қалалық мәслихатының | |
2022 жылғы 6 қыркүйектегі | |
№ 140 шешімге | |
қосымша |
Арқалық қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік |
Теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 330,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 337,13 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлеміне) | 1 м3 | 2140,51 |