Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 419 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 115 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27846 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 98 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 17.11.2023 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 419 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9477 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі:

      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      3) барлық санаттағы мүгедектерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрілік заттарды сатып алуға және медициналық зерттеп-қарауға байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      5) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;

      6) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      7) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      9) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңге;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100 000 (бір жүз мың) теңге;

      1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде Украина Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне; екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге;

      Жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30 000 (отыз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30 000 теңге;

      Заңның 5, 6, 8-баптарында көрсетілген өзге де ардагерлер мен тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде.";

      14 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) Осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында, 7-тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      7-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ағымдағы жылға рецептілік бланкілердің дәрігер куәландырған көшірмелерін және кассалық чектерді ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер берілмейді.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Койшибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады