"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 239 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7650 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | М. Сартов |