Қостанай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 166 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27865 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы М. Сартов

  Қостанай
  аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 28 сәуірдегі
  № 166 шешіміне
  қосымша

Қостанай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталған жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,80
1,93

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да объектілер

1 орын

0,31

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,04

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,48

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,81

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0040

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,70

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,17

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да ойын-сауық орындары және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,85

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтарының залы, интернет-дәмханалар, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,38

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

-

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша
1 орын

0,04

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,02

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,47

15

Көліктерден сауда

сауда орнының 1 м2

-

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,20

17

Көтерме базалары, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

-

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

-

20

Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы

жалпы алаңы 1 м2

-

21

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,23

22

Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, жанармай құю станциялары

1 машина-орын

1,50

23

Автошеберханалар

1 жұмысшы

0,85

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,20

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,0

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,30

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,85

28

Шағын жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т.б.)

1 жұмыс орны

-

29

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

1,30

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,16

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,56

      Ескерту:

      м2 - шаршы метр;

      м3 - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады