Қостанай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 202 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 қыркүйекте № 29385 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы М. Сартов

  Қостанай аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 31 тамыздағы
  № 202 шешіміне
  қосымша

Қостанай ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғыннан

425,91

Жайлы емес үйлер

айына 1 тұрғыннан

456,67

Жылдық тариф бірлігіне (көлем)

1 текше метр

2839,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады