"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Меңдіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 қарашадағы № 01-27/531 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округі Михайлов ауылының жеке секторы "Механизатор" табынының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 4 "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22855 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Михайлов ауылдық округінің әкімі | М. Джафарова |