"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Сарыкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 01-20/103 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Құстардың Ньюкасл ауруы анықталуына байланысты Сарыкөл ауданы Маяк ауылының аумағында карантин белгіленсін.
2. "Маяк ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маяк ауылының әкімі | Б. Капсултанов |