Ұзынкөл аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 70 "Ұзынкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 шілдедегі № 161 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 шілдеде № 28815 болып тіркелді

      Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұзынкөл аудандық мәслихаттың "Ұзынкөл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 1 қарашадағы №70 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25179 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды, үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері, жеке оқыту жоспары бойынша оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедек балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы А. Бараншина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады