Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Федоров ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | А. Резник |
Федоров | |
аудандық мәслихатының | |
2022 жылғы 11 тамыздағы | |
№ 145 шешіміне | |
қосымша |
Федоров ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 161 |
Жайлы емес үйлер | 177 | |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м³ | 2039,14 |