Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы "Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы" № 137/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22871 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 198/2 қаулысына қосымша |
|
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 137/4 қаулысымен бекітілген |
Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативі
Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өнделген өнімдердің атауы |
Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, |
Сүт | Сары май | 40,0 |
Сүт | Қатты ірімшік | 25,0 |
Сүт |
Құрғақ сүт | 15,0 |