Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 106/3 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 222/3 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 тамызда № 29070 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 106/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 4-қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушысы О. Крук

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар облыстық мәслихаты

  Павлодар облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 222/3 қаулысына
1 қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
2-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Құрылымдық бөлімше, бөлім, сектор басшысы, бөлімше меңгерушісі.

      3. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, нұсқаушы, диеталық мейіргер, мейіргер, қарттарға және мүгедектерге күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, мүгедек балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімше маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі маман, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, психолог, дефектолог, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

  Павлодар облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 222/3 қаулысына
2 қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
3-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Шеберхана, зертхана, сектор, бөлімше, кітапхана басшысы (меңгерушісі).

      3. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу ұйымының шебері-оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, әдіскер, музыкалық жетекші (негізгі қызмет), педагог-психолог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беретін педагог, барлық мамандықтағы дәрігерлер, диеталық мейіргер, мейіргер, кітапханашы, жаттықтырушы-оқытушы.

  Павлодар облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 222/3 қаулысына
3 қосымша
  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
4-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Мәдениет және архив ісінің мемлекеттік мекемесі және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Архив, архив қоймасының, кітапхана, әдістемелік кабинет, өндірістік шеберхана басшысы (меңгерушісі), құрылымдық бөлімше, сектор, бөлім, филиал басшысы, көркемдік жетекші, ұжым (үйірме) жетекшісі, музыкалық жетекші.

      3. Мамандар: аккомпаниатор, барлық атаулардың әртісі, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдіскер, суретші, хореограф, қорлардың бас қорғаушысы, архивист, архивші, археограф, экскурсовод, музейлер қорын есепке алу архивисті, режиссер, концертмейстер, хормейстер, репетитор, редактор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады