Павлодар облысы Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 4 бірлескен қаулысы және Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 178/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29140 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар қаласының келесі көшелері:

      Мир көшесі Олжабай батыр көшесіне;

      Урицкий көшесі Генерал Смағұлов көшесіне;

      1-я Южная көшесі Бірлік көшесіне;

      2-я Южная көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;

      Парковая көшесі Мұқағали Мақатаев көшесіне;

      Донецкая көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне;

      Кубанская көшесі Қалмұқан Исабай көшесіне;

      Совхозная көшесі Рафиқа Нұртазина көшесіне;

      Таганрогская көшесі Қазанғап би көшесіне;

      Ангарская көшесі Нағымбек Нұрмұхаммедов көшесіне;

      Читинская көшесі Аманжол Шәмкенов көшесіне;

      Декабристов көшесі Қамар Қасымов көшесіне;

      Юннатов көшесі Дихан Әбілев көшесіне;

      1-я Советов, 2-я Советов көшесі Генерал Бәкіров көшесіне;

      Зыряновская көшесі Қабдыкәрім Ыдырысов көшесіне;

      Саянская көшесі Алма Әжібаева көшесіне;

      Лесная көшесі Ағайынды Дүйсембиновтер көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушысы       О. Крук

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы       Е. Айткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады