"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері күнтізбелік алпыс күн мерзіміне осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 247/3 Қаулысына қосымша |
Павлодар облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері
№ | Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары | Әкімшілік-аумақтық бірлік | Шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері |
1 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | Павлодар облысы |
Бір дана үшін |
2 | Ақ қауданды қырыққабат | Павлодар облысы |
Бір килограмм үшін |
3 | Басты пияз | Павлодар облысы |
Бір килограмм үшін |