Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 22/3 "Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 190/15 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте № 29498 болып тіркелді

      Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 22/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7296 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидалардың:

      2 – тармағының 6), 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;";

      "7) жануарлар – омыртқалы жануарлар;";

      8 – тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Ауыл шаруашылығы жануарларын қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, су бұрқақтарда, су қоймаларында және су бөгеттерінде суаруға жол берілмейді.

      Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртiбiмен жол берiледi.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Е. Айткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады