Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 261/3 қаулысына 1-қосымша |
2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және субсидиялар нормалары
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | 1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге |
1 | Күнбағыс | 10 000 |
2 | Қарақұмық | 12 000 |
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 261/3 қаулысына 2-қосымша |
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№ | Облыс атауы | Бюджеттік қаражат көлемі, теңге |
1 | Павлодар облысы | 1 328 160 000 |
Барлығы: | 1 328 160 000 |