Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 170/23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 маусымда № 28397 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2022 жылғы 1 маусымдағы
№ 170/23 шешіміне
қосымша

Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу қаласы Қызылжар селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" № 252/36 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3998 болып тіркелген).

      2. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу қаласы Достық селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" № 249/36 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3999 болып тіркелген).

      3. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" № 250/36 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3995 болып тіркелген).

      4. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" № 251/36 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3997 болып тіркелген).

      5. Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 466/68 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7010 болып тіркелген).

      6. Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 473/70 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7087 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады