Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 473/70 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 желтоқсанда № 7087 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 170/23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 01.06.2022 № 170/23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.

      2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % мөлшерінде бекітілсін.

      3. Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 тамыздағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын бекіту туралы" № 253/36 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4000 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қалалық мәслихатының сессия төрағасы М. Мукашев
      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

  Ақсу қалалық мәслихатының
2020 жылғы 4 желтоқсаны
№ 473/70 шешімімен
бекітілген

Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық
округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізудің тәртібі

      1. Осы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

      3. Бөлек жиынды Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі шақырады.

      Ақсу қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауылдар шегінде бөлек жиынды өткізуді Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімімен ұйымдастырылады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың тіркеуі жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ақсу қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады