ШЕШТІ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының "Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 414/52 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6721 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Мамандарға әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |