Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Қараоба, Әуелбек ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қараоба ауылындағы келесі көшелері:
"Терешкова" көшесін "Мектеп" көшесіне;
"Степная" көшесін "Жеңіс" көшесіне;
"Коммунистическая" көшесін "Егемен" көшесіне;
"Советов" көшесін "Болашақ" көшесіне;
"Мира" көшесін "Береке" көшесіне;
"Садовая" көшесін "Саябақ" көшесіне;
"Набережная" көшесін "Бірлік" көшесіне;
"Казахстанская" көшесін "Қазақстан" көшесіне;
"Береговая" көшесін "Жағалау" көшесіне;
"Озерная" көшесін "Ертіс" көшесіне қайта аталсын.
2. Әуелбек ауылындағы келесі көшелері:
"Ленин" көшесін "Тәуелсіздік" көшесіне;
"Юбилейная" көшесін "Жеңіс" көшесіне;
"Набережная" көшесін "Жағажай" көшесіне;
"Мир" көшесін "Бейбітшілік" көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қараоба ауылдық округінің әкімі | Ш. Байдильдина |