Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы "Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 мамырда № 27951 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы "Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Май ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі А. Амирин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Май аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

  Май ауданы әкімінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 1 шешіміне
қосымша
  Май ауданы әкімінің
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 4 шешіміне
қосымша

№ 352 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақшиман ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ақшиман негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақшиман ауылдық округінің Ақшиман ауылының аумағы.

№ 353 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Ақжар ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Ақжар жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақжар ауылының аумағы.

№ 354 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Май ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Май жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Май ауылдық округінің Май, Еңбекші ауылдарының аумақтары.

№ 356 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Майтүбек ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Майтүбек ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Майтүбек ауылының аумағы.

№ 357 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қызылеңбек ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қазақстан негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Қызылеңбек ауылының аумағы.

№ 358 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Жұмыскер ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Жұмыскер ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Жұмыскер ауылының аумағы.

№ 359 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Абай ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Аудандық оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның "Байтерек" балалар жасөспірімдер клубының ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Абай ауылының аумағы.

№ 360 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Саты ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Саты негізгі орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Саты ауылының аумағы.

№ 361 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Малайсары ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Малайсары ауылдық клубы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Малайсары ауылдық округінің Малайсары ауылының, ферма 1, ферма 2 аумақтары.

№ 363 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Кеңтүбек ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Жалтыр жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Кеңтүбек ауылдық округінің Кеңтүбек ауылының, ферма 1, ферма 3 аумақтары.

№ 365 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет ойын-сауық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының Қаныш Сәтбаев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Уақап Сыздықов, Ветстанция, Көктөбе станциясы, Қанаш Қамзин, Қазыбек би, Әлия Молдағұлова, Аманкелді Иманов, Панфилов, Мұхтар Әуезов, Жамсап Байғұрманов, Нұрлыбек Баймұратов, Әліби Жанкелдин, Евней Букетов, Олжас Сүлейменов көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Бестау учаскесі; Көктүбек ауылдық округінің Белогорский ХПП ауылының аумағы.

№ 368 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Баскөл ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, Мәдениет ойын-сауық орталығының "Баскөл ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Баскөл ауылдық округінің Баскөл, Бозша, Жаңатілек ауылдарының аумақтары.

№ 372 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Қаратерек жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек, Хасен Сейтқазин ауылдарының аумақтары.

№ 375 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің "Аудандық оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты.

      Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының Абай, Бейбітшілік, Шоқан Уәлиханов, Мәншүк Мәметова, Ерсін Мұқашев, Асқар Әбдірайымов, Желтоқсан, Сәкен Сейфуллин, Байғабыл Жылқыбаев, Жеңістің 40 жылдығы, Бастем Хазірет, Ғани Мұратбаев, Абылайхан, Төле би, Әйтеке би, Баки Басар көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады