Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 2-Ш шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27566 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №756 қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Павлодар облысы Павлодар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар ауданының әкімі Е. Иманслям

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады