Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 "Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 130/23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қарашада № 30748 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 70/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2023 № 70/12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 27/3 "Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7263 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
25 қарашадағы № 130/23
шешіміне қосымша
  Успен аудандық
мәслихатының 2021 жылғы
12 сәуірдегі № 27/3
шешімімен бекітілген

Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Успен ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Успен ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен белгіленген мерзімге ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының шотына аудару жолымен беріледі.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндерінің тізбесі:

      1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;

      2) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;

      3) Отан қорғаушы күні – 7 мамыр;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр;

      5) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз;

      6) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, атап айтқанда:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, атап айтқанда:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға;

      3) еңбек ардагерлеріне, атап айтқанда:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;

      4) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, атап айтқанда:

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың зайыбына (жұбайына);

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      5) Сотпен немесе "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген басқа тәртіпте саяси қуғын-сүргіндердің құрбандары немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендер деп танылған азаматтарға;

      6) мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      кәмелетке толмаған балалары бар бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      гемодиалезге мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      балалардың церебралдық параличімен, парезбен, гидроцефалиямен, бастапқы иммун тапшылығымен және аутизммен ауыратын 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалары бар отбасыларға;

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында және колледждерінде оқитын, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға;

      7) отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын, жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттеріне, жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      8) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:

      бір айдан астам ұзақ аурудың салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға;

      табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайызынан төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға;

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға;

      жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, жасанды тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға;

      жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен аспайтын 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімі бар жүкті әйелдерге;

      18 жасқа дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға;

      9) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:

      онкология ауруларымен зардап шегетін тұлғаларға;

      туберкулез ауруы бар тұлғаларға;

      адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғаларға;

      адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған 18 жасқа дейінгі балаларға;

      10) зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, атап айтқанда:

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатындарға;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын 80 жастан бастап және одан жоғары (асқан) жастағыларға;

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің туындаған сәтінен бастап үш ай ішінде осы жағдай салдарынан зардап шеккен адамдарға.

      9. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:

      1) мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне орай, уәкілетті органның тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармағының 8) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Отан қорғаушы күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасының алтыншы абзацында, 4) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санаттар үшін;

      Жеңіс күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында, 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, уәкілетті органның тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының тоғызыншы, оныншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Тәуелсіздік күніне орай, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      2) бір жолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде сауықтыруға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 55 (елу бес) АЕК (санаторлық-курорттық емделуге еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына) мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК (абилитациялауға және оңалтуға) мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Успен аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – аудандық аурухана) ай сайын айдың 10-күніне ұсынатын тізім негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 60 (алпыс) АЕК дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек;

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2) тармақшаларында, 3) тармақшасының екінші абзацында, 4) тармақшасының екінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде сауықтыруға 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде сауықтыруға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде сауықтыруға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға) уәкілетті органның тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат және еріп жүретін адам үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде жол жүру (емделу орнына дейін және тұратын жеріне дейін қайта келу) шығындарын өтеуге жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде жол жүру (емделу орнына дейін және тұратын жеріне дейін қайта келу) шығындарын өтеуге 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін аудандық аурухана ұсынатын тізім негізінде амбулаториялық емдеу кезеңінде тамақтануға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін аудандық аурухана ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде.

      10. Уәкілетті орган табысты ескере отырып көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде Успен ауданының әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студент қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге үшжақты шартта көрсетілген сома төленеді;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 8) тармақшасының екінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген, жан басына шаққандағы орташа табысы Павлодар облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын санаттар үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 8) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде қатты отын сатып алуға 14 (он төрт) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 7 (жеті) АЕК мөлшерінде;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 8) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, ата-анасының біреуінің әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініші негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін осы Қағидаларға сәйкес арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Мереке күндеріне алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидалардың 12-25-тармақтарына сәйкес айқындалған.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      14. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Успен ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      15. Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының талаптарына, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерін сәйкес қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      16. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады