Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы (бұдан әрі – Қағида):
12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне:
1) мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 миллион теңге;
2) мәртебеcі "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6-баптарымен белгіленген, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 100 мың теңге;
3) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 100 мың теңге;
4) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 100 мың теңге;
5) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы) – 50 мың теңге;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар – 50 мың теңге;
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша ғана аударылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 150 мың теңге.";
19-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"19. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің 3 (үш) есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
1) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;
2) бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге.";
9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"9) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);";
11) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;";
38-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"9) осы Қағиданың 21-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген мүгедек балаларды және бірінші топтағы мүгедектерді санаторий-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ алып жүретін бір адамнан артық емес – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторий-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей тамақтануын және тұруын төлей отырып.
Бірінші топтағы мүгедек адамдарына және мүгедек балаларына санаторий-курорттық емделу "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.".
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 cәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | С. Канкуров |