Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1656 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" 1-тарауы келесі мазмұндағы қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші жолдармен толықтырылсын:
"
46) | Нейрофиброматоз | "Селуметиниб" |
47) | Аллергиялық компонент басым демікпе | "Омализумаб" |
48) | Вискотт-Олдрич синдромы. Терінің, лимфа түйіндерінің, гемопоэтикалық жүйенің зақымдалуымен Лангерганс жасушаларының көпжүйелі гистиоцитозы | "Адамның қалыпты иммуноглобулині" |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының хатшысы | С. Канкуров |