Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2022 жылғы 31 мамырдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 маусымда № 28306 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында № 593 сайлау учаскесі алынып тасталсын.

      2. "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алатау ауданының әкімі А. Калдыбеков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Алматы қаласының
аумақтық сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады