ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1546 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасында:
№ 335 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:
"№ 335 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 179 балабақша" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы, Айнабұлақ-3 шағын ауданы, № 165Б үй)
Шекаралары: Есентай өзенінің шығыс жағалауымен солтүстікке қарай Айнабұлақ шағын ауданының солтүстік шекарасының қиылысына дейін; Айнабұлақ шағын ауданының солтүстік шекарасы бойымен Павлодарский көшесіне дейін; Павлодарский көшесінің оңтүстігімен Мұқатай көшесіне дейін; Павлодарский көшесінен Мұқатай көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай, Айнабұлақ-3 шағын ауданының №№ 142, 143, 143 А, 144, 145, 147, 149, 150, 151, 152, 154, 155, 156, 157, 161, 162 тұрғын үйлерін қоса алғанда.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жетісу ауданының әкімі | Г. Кокобаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Алматы қаласы аумақтық
сайлау комиссиясы