Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 27.03.2024 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 6 "Петропавл қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімінің 1-қосымшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3620 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
7-тармағы мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Петропавл қалалық мәслихат хатшысы | А. Бердагулов |