Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 7-18-20 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28159 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының хатшысы Г. Абулкаирова

  Айыртау аудандық мәслихатының
  шешіміне қосымша
  2022 жылғы 18 мамырдағы № 7-18-20

Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 20.09.2022 № 7-20-13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      3. Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жеке тізім негізінде екінші деңгейлі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсетеді.

      4. Әлеуметтік қолдау Айыртау ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады