Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 7-18-20 "Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 7-20-13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29714 болып тіркелді

      Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Айыртау аудандық мәслихатының "Айыртау ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 18 мамырдағы № 7-18-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28159 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетіліген шешімнің қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі-уәкілетті органмен жүзеге асырылады".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Г. Абулкаирова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады