Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Талшық ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 74 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қарашада № 30526 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Талшық ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамызындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің Талшық ауылының көшелері қайта аталсын:

      Ломоносов көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Комсомол көшесін Керей хан көшесіне;

      Карл Маркс көшесін Фариза Оңғарсынова көшесіне;

      Колхозная көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;

      Мичурин көшесін Едіге батыр көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талшық ауылдық округі әкімі Е. Каиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады