Солтүстік Қазақстан облыстық Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округінің Қулыкөл ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қазанда № 30074 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қулыкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданы Қулыкөл ауылдық округінің Қулыкөл ауылындағы Советская көшесін Абылай хан көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Уалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады