Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округінің Май ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 25 қарашада № 30734 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Май ауылдық округінің Май ауылының көшелері қайта аталсын:

      Есенин көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;

      40 лет Каз ССР көшесін Мағжан Жұмабаев көшесіне;

      40 лет Октября көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;

      Карл Маркс көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;

      Чкалов көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;

      Ленин көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май ауылдық округінің әкімі Е. Шурманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады