Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Үлкен Қараой ауылдық округінің Баймырза ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Үлкен Қараой ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 16 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қарашада № 30416 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Баймырза ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылдың 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Үлкен Қараой ауылдық округінің Баймырза ауылының көшелері қайта аталсын:

      Гагарина көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;

      Комсомольская көшесін Абылай хан көшесіне;

      Октябрьская көшесін Абай көшесіне;

      Рижская көшесін Кенесары көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үлкен Қараой ауылдық округінің әкімі Н. Кантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады