"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Возвышен ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 16 сәуіріндегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Возвышен ауылдық округінің Возвышенка ауылындағы келесі көшелер қайта аталсын:
Закарпатская көшесін Шоқан Уәлиханов көшесіне;
Комсомольская көшесін Абай Құнанбаев көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Возвышен ауылдық округінің әкімі | К. Токпанов |